11 ноября, 2026
«GASENERGY» жаңармай құю станциялар — 12 жыл бойы сіздермен бірге!
7 қарашада GasEnergy жанармай құю станциялары желісі өзінің 12 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде бренд мыңдаған автокөлік жүргізушісінің күнделікті жолының бір бөлігіне айналды. Мұнда көлікке жанармай құйып, кофе ішіп, жол үстінде тынығып алуға болады.
Клиенттерімізге сенім білдіріп, GasEnergy-ді таңдағаны үшін, серіктестерімізге ынтымақтастығы үшін, ал командамызға күнделікті еңбегі мен желінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.
Біз қызмет көрсету сапасын жақсартып, тауарлар ассортиментін кеңейтіп, станцияларымыздағы әрбір аялдаманы жайлы әрі жағымды ету үшін жұмысымызды жалғастырамыз.
Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет. Алда бірге жүріп өтетін талай жол бар!