Барлық жаңалықтар

Ақпан 16, 2024

PODCAST GASENERGY. МАГОМЕД АДИЕВ

Назарларыңызға «Podcast GASENERGY» трилогиясының алғашқы шығарылымын ұсынамыз, қонағымыз – Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиев. Соңғы жылдары футбол жанкүйерлерді жақындастырып, ұлттық құраманың табысты ойындары толқынында барлық қазақстандықтарды жігерлендіріп, бір арнаға біріктіре алды.

Магомед Мұсаевич өзін қаһарман, әрі ортақ табыстың басты тұлғасы деп санай ма? Ұлттық құрамадағы ең әдемі футболшы кім? Адиевтің өз жүргізушісі бар ма? Жаттықтырушы жаттығу кезінде футбол ойнай ма? Осы және басқа да қызықты сұрақтарға жауапты Магомед Адиевпен болатын Podcast GASENERGY дебюттік шығарылымынан көріңіздер.

Сонымен қатар, біздің команда ұлттық құраманың кейбір ойыншыларының бала кездегі суреттерін тапты, біз оларды бас бапкерге көрсетеміз, ол өз қамқоршыларының бала кезін тани ма, жоқ па, соны көреміз және қазір олар туралы кәсіби футболшылар ретінде не айтатынын, олардың мінездері мен өздерін ұстау мәнері туралы не айтатынын тыңдаймыз.

P. S.: GASENERGY арнасының жазылушылары арасында ең жақсы комментарий үшін байқау жариялаймыз! Жеңімпаз GASENERGY ЖҚК желісінен 50 литр бензин алады. Толығырақ шығарылымда.