Барлық жаңалықтар

Мамыр 21, 2024

АСТАНАДА МОТОМАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ

GASENERGY арнасы Астанада мотомаусымның ашылуында болды!

Бізбін бірге ашық аспан астында өткен осы бір әуенді думанның алапат әсерін сезініңіз. Астанадағы мотоцикл қозғалысына жаңадан қосылғандармен және тәжірибелі тұлпар тізгіндеушілермен танысып, байкерлер қауымының бірегей мәдениетін бірге тамашалаңыз.
Бірақ бұл жай ғана көңіл көтеретін іс-шара емес! Астана қаласының әкімдігімен бірге барлық мотосүйер қауым, елорда тұрғындары мен қонақтары Нұра-Есіл арнасының маңын қоқыстан тазартуға көмектесіп, «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады.

Шығарылымда сіздерге байкерлердің басты үш белгісі туралы да айтамыз:
Шлеміңіз құлап қалса – қиындыққа дайындалыңыз.
Мотоциклге оң жағынан отырсаңыз – бұзылуды күтіңіз.
Жолды мысық кесіп өтсе – ауа-райы жақсы болады!

Мотоқозғалыс әлемін ашыңыз және сүйікті темір досыңызбен абсолютті еркіндік сезімін сезініңіз!
Ол үшін біздің жаңа шығарылымды көріңіз және бізбен бірге болыңыз!