Қазан 23, 2024
ОАБАЙЛАҢЫЗ! АЛАЯҚТАР!
Құрметті клиенттер! Біз өте жайсыз жағдайға тап болдық – біздің атымыздан алаяқ әрекет етіп жүр.
Бұл адам өзін GASENERGY қызметкері ретінде таныстырып, клиентті көлік ұтып алғанымен құттықтайды. Құжаттарды рәсімдеу үшін тез арада белгілі бір мөлшерде төлем аударуды сұрайды. Ол тіпті сіздің транзакцияларыңыз туралы (қайда және қашан жанармай құйғаныңыз, қанша қаражат жұмсағаныңыз және т.б.) ақпарат беруі мүмкін.
1. Біз ешқашан ұтыстарымыз үшін ақша аударуды сұрамаймыз және жеңімпаздарды әрдайым ЖҚС-на немесе кеңсемізге шақырамыз. Жеңімпазға сыйлығын жеткізу толығымен біздің есебімізден жүзеге асырылады.
2. Біздің менеджерлер әрқашан ұтыс туралы дәлелдер ұсынады: тікелей эфирге сілтемелер, Telegram-арна, сайт және Instagram.
Акциялар туралы барлық ақпарат әрқашан біздің әлеуметтік желілерімізде бар. Ұтыс туралы ақпаратты нақтылау үшін директке жаза аласыз.
Өтінеміз, сақ болыңыздар