Барлық жаңалықтар

Мамыр 1, 2020

Үйде онлайн жүгіру

GASENERGY автожанармай құю кешендерінің желісі QazAthletics және Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күні аясында онлайн-жүгіру өткізді.
Қазақстан бойынша 400-ден астам адам осындай ерекше жарыс форматында қатысты: үй жағдайында үш қашықтықтың бірін жүгіру.
Жарыс алдында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы және Қазақстанның ең атақты спортшысы Ольга Рыпакова қатысушылар үшін жаттығу өткізді.
Қазақстандықтардың көпшілігі дәл бір километрге тіркелді. Үйде бұл қашықтық ең қолайлы болды.
Айта кетейік, қатысушылардың бірі Денис Гордиенко 25 минут 13 секундта он шақырым жүгірді. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының төрешілер командасының айтуынша, біздің отандасымыз әлемдік рекорд орнатты.
Біз бұл жүгірісті үйде спортпен айналысуға болатындығын көрсетуге тырыстық. Болашақта мұндай жарыстарды жиі өткізуді жоспарлап отырмыз. GASENERGY және Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының сайттарында жаңа ақпаратты қараңыз.