Барлық жаңалықтар

Қаңтар 12, 2024

«САРАПШЫҒА САУАЛ» ЖАҢА ЮТУБ-ШЫҒАРЫЛЫМЫ

Құрметті оқырмандар! Біздің ютуб арнамыздағы «Сарапшыға сауал» айдарында жаңа бейнежазба шыққанын хабарлаймыз.

Бұл шығарылымда GASENERGY ЖҚК желісінің Солтүстік бөлімшесінің директоры – Диас Жұмағазин
жанармай мен дизель отыны арасындағы айырмашылық туралы айтады. Егер дизель отыны жанармаймен араласып кетсе, не болады. Сондай-ақ, ол осындай қателіктердің салдары туралы ақпаратпен бөліседі және қозғалтқыштарға жанармайды таңдау тәсілдерін түсіндіріп береді.

Жаңа шығарылымда отын тарату колонкаларын калибрлеу туралы және бұл рәсімнің Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының тәуелсіз сарапшыларымен қаншалықты жиі жүргізілетіні туралы мағлұмат беріледі.

Және электрокөліктер туралы да әңгіме болады! Олар дәстүрлі көліктерді толығымен ауыстыра ала ма?
Жанармай өнеркәсібінің барлық қыр-сыры мен құпияларын ашатын осы қызықты шығарылымды өткізіп алмаңыздар!