Барлық жаңалықтар

Қазан 6, 2023

МЮНХЕНДЕГІ IAA MOBILITY КӨРМЕСІ

Мюнхенде өткен IAA Mobility көрмесі электромобильдердің премиум люкстен бастап, қарапайым модельдерге дейінгі барлық түрлерінің сыны мен сипаттамаларымен танысуымызға мүмкіндік берді.
Біз төменгісінен біртіндеп жоғарылап, алдымен батареядан қуат алатын темір жүрегі капот астында орналасқан автокөліктердің арасынан шынымен сирек кездесетін үлгілерді анықтауға тырыстық.

Мұндай автокөліктер баршылық:
Volkswagen өзінің Passat B9 жаңа шығарылымымен қуантты. Мұнда қуаты 121-ден бастап 261 аттың күшін құрайтын бензин мен дизельді турбо қозғалтқыштарды таңдауға болады. Сонымен қатар 204 және 272 аттың күші бар қайта қуатталатын гибридтер пайда болған. Бірақ бұлар қазір тек Golf 8-ге ұқсас әмбебап шанақпен шығарылады.

Mini компаниясы өзінің жаңа Cooper және Countryman авкөліктерін көрсетті. Бұлардың бұрынғы томпақ пішіні қазір түбегейлі өзгертілген, енді туыстас BMW-ге ұқсас бұрыш қырлы пішіндер сұранысқа ие болып тұр. Cooper электромобилінің 184 және 214 аттың күшін құрайтын үлгісі ұсынылып отыр, жүріс қуаты 350-400 шақырымға жетеді. Ал Сountryman электрокроссовері 460 шақырымға дейін қуаттаусыз жүре алады, оның 204 алдыңғы жетекті, сондай-ақ 308 толық жетекті түрлері ұсынылып отыр.

Біздің тізімдегі тағы бір әмбебап шанақты көлік – Mercedes-Benz E-Class All-Terrain. Бұл модельге гибридті қондырғымен толықтырылған 3 литрлік бензин турбо-алтылық қозғалтқышы орнатылған. Көліктің қуаты 398 аттың күшін құрайды, бұл 4,7 секунд ішінде жылдамдықты жүздеген шақырымға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сіз жасыл болашақты таңдайсыз ба, әлде қозғалтқыштың үйреншікті гүрілін қалайсыз ба?
Біздің жауабымыз анық:)