Сәуір 22, 2024
GASENERGY КОМАНДАСЫ СЕНБІЛІКТЕ
19 сәуір күні GASENERGY басшылары Астана қаласындағы жанармай құю кешендеріне сенбілікке шықты.
Күрек пен айыр, сыпырғыш пен тырма сияқты шаруашылық құралдарын қолға алған GASENERGY кеңсесінің қызметкерлері ЖҚК-не іргелес аумақты ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарымен айналысты.
Сенбілікке орталық аппараттың барлық атсалысты.
GASENERGY командасы өз клиенттеріне әрқашанда құрметпен қарап, қамқорлықпен қызмет көрсетіп келеді. ЖҚК маңындағы тазалық пен тәртіптің жыл бойы сақталуын қадағалап отыратыны да сондықтан.