Ақпан 9, 2024
ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ МӨЛШЕРІН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕМІЗ
Біз өз өнімдеріміздің сапасына ғана емес (алдыңғы мақалалардан отын сапасына бақылау қалай жүргізіледі), сонымен қатар құю дозасының дұрыс болуына да мән береміз. Ол үшін біз үнемі тексеру жүргіземіз.
Жанармай құю мөлшерін тексеру үшін 4 негіз бар:
1. Кесте бойынша.
Жылына екі рет көктем-жаз және күз-қыс мезгілінде біз ҰлтССО* мамандарын шақырамыз.
Барлық пистолеттердегі жанармай төгіледі, егер ауытқулар болса, біз отын тарату бағанасынан пломбаны алып тастаймыз және мөлшерін теңестіреміз. Содан кейін тексеру сертификатын аламыз.
*«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ.
Әр бағанда рұқсат етілмеген колибрлеуді болдырмау үшін ҰлтССО-ң пломбасы бар. Олардың маманы болмаса, біз мұны жасай алмаймыз. Сонымен қатар, барлық жерде біздің қауіпсіздік мөріміз де бар.
2. Ішкі тексеру.
Айына бір рет менеджер барлық пистолеттерді төгіп тастайды. Егер ауытқулар болса, біз ҰлтССО менеджерін шақырамыз және мөлшерін теңестіреміз. Ол уақытқа дейін пистолет жабық болады.
3. Жоспардан тыс тексеру.
Есептегі қалдықтар бойынша ауытқулар – сонымен қатар пистолетті калибрлеуге дейін жабуға негіз болады. Біздің менеджерлер мұны үнемі қадағалап отырады.
4. Клиенттің шағымдары.
Клиенттен оның цистернасы, мысалы, 50 литр, ал біз одан да көп жанармай құйдық деген шағым түскен жағдайда, клиент дереу чекпен шақырылады және онымен бірге ҰлтССО тексерген және пломбаланған арнайы өлшеуіштің (20 л) көмегімен құю мөлшерін тексереміз.