Қараша 30, 2023
GASENERGY: әр клиентке жеке көңіл бөлеміз
GASENERGY жанармай құю кешендерінің желісі отандық жанармай сату нарығында беделді компаниялардың қатарында. Нарықта бірегей қызмет түрін ұсынып, экологиялық бастамаларды қолға алып, жанармай құю кешендерінің желісін кеңейтіп, қайырымдылық іске ат салысып отырған компанияның тыныс-тіршілігі жайлы GASENERGY операциялық директоры Омар Мұстафин inbusiness.kz-ке берген сұхбатта баяндап берді.
GASENERGY жанар май құю кешені желісі 9 жыл бұрын құрылып, қазір нарықта беделі жоғары қомпаниялар қатарында танылуда. Компания беделінің өсуі мен еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар ықпал етті деп ойлайсыз?
-Біз өз клиенттеріміз бен қонақтарымыздың қажеттілігін ескеріп, сапасы жоғары отын ұсынуға, басқа да тауарларды, айталық сусындар мен тамақ түрлерін ұсынып, жақсы қызмет көрсетуге барынша тырысудамыз. Кешендер санын арттыруды міндет тұтып отырған жоқпыз, десе де біздің 47 жанармай құю станциясының әрқайсысында барынша ауқымы кең қызмет түрлері ұсынылуда. Бүгінде жанармай құю кешендері Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Орал және Қызылорда сынды 8 ірі өңірде орналасқан.
GASENERGY-дің негізгі мақсаты – клиенттердің жоғары сапалы мұнай өнімдеріне деген барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға ең жоғары дәрежедегі қызмет түрлерін көрсету.
Бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі даму қажет екені түсінікті. Соңғы жылдары GASENERGY жанармай құю кешендері желісін дамытуда қандай қадамдар жасалды?
-Клиенттерімізбен әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы кері байланыс орнатып, пікірлерін тыңдаймыз, көрсетілетін қызметтер аясын одан әрі кеңейту мен оны жетілдіру үшін клиенттеріміздің қажеттіліктері мен тілектерін үнемі талдап отырамыз.
Сапасы жоғары отыннан басқа, біздің ЖҚК-де тәулік бойы жұмыс істейтін кең шағын маркеттер, көлік жүргізушілер демалатын әрі тамақ танатын немесе кофе ішетін жайлы кафелер ашылған. Клиенттеріміз әрдайым байланыста болуы үшін, тіпті, жол жүріп бара жатып та жұмыс істей алатын мүмкіндігі болуы үшін Wi-Fi-ға тегін қосылу қарастырылған.
Ал асығыс не бос уақыты болмай жататын клиенттерге арнап GASENERGY ЖҚК желісінде байланыссыз жанармай құю бекеттері іске қосылған.
Клиенттерімізге арнап барынша жетілдірілген Vlife бейілдік бағдарламасын қолданамыз, тұрақты клиенттер ол арқылы бірқатар артықшылықтарды иеленеді, арнайы ұсыныстар мен бонустар ала алады. Бұл қосымша барлығына қолжетімді әрі оны қазіргі барлық смартфондарға жүктеп алуға болаы.
Алдағы 5 жылда GASENERGY қандай даму бағыттарын қарастырып отыр? Ерекше көңіл бөліп отырған қандай да бір нарық немесе технологиялар бар ма?
-Айта кетейін, жанармай құю кешендерімізді тек ірі қалаларда ғана емес, Қазақстанның басты көлік жолдарында орналасуына аса мән беріп отырмыз. Қазақстанда жол бойындағы сервисті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағыты бойынша республикалық маңызы бар көлік жолдарының бойында 2019 жылдан бастап көп отын түрін ұсынатын, ультра заманауи автожанармай құю кешендерін салу жөніндегі бағдарламаны іске асырудамыз және бұл жобаны 2026 жылға қарай толық аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Тағы да айта кететін жайт, бұл трассадағы кешендеріміздің көбінде қосымша жайлы жағдайлар қарастырылған. Мәселен, көлік жүргізушілеріне арналған демалыс орны және намаз оқитын орындар, жуынатын бөлмелер мен кафе сияқты қосымша жайлы жағдайлар ескерілген, бұл әсіресе ұзақ сапарға шыққан көлік жүргізушілері үшін өте қолайлы.
Нарықтағы бәсекелестермен салыстырғанда GASENERGY ЖҚК желісі несімен ерекшеленеді? Қандай да бір ерекше артықшылықтарды немесе инновацияларды атай аласыз ба?
-Ең алдымен, біз инвестицияны заманауи құрал-жабдыққа бағыттап отырмыз, озық технологиялар мен инновацияларды барынша енгізуді қолға алудамыз. Инновацияларды енгізу біздің компаниямызға кәсіби салада көшбасшы қатарында танылуымызға, жетістікке жетудің өзіндік жолын табуға септігін тигізуде. Десе де біз үшін ең маңыздысы – арнайы кәсіби оқытудан өткен, клиенттерге сыпайылық таныта білетін, кез келген жағдайда көмекке келуге дайын тұратын қызметкерлеріміз. Реті келгенде айта кетейін, сонымен бірге компанияда жанармай құю кешендерінің дизайны мен жайлылығына аса назар аударамыз, басты мақсатымыз –клиенттерімізге жанармай құю кешендеріне келгенде өздерін барынша жайлы сезініп, демала алатындай жағдай жасау.
Технология мен экологиялық талаптар өзгеруде. Әсіресе ауаның ластануының жаһандық мәселесі аясында GASENERGY экологиялық нормалар мен стандарттарға қалай бейімделуде?
-Иә, әрине, GASENERGY ЖҚК желісі жаңа экологиялық талаптардың барлығынасай келеді. Жанармай құю кешендерінде адамға және қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта автокөлік кешендерінде атмосфераны ластаушы шығарындыларды айтарлықтай азайтатын, газды қайтару жүйесі ескерілген заманауи еуропалық үлгідегі отын тарату колонкаларын қолданып отырмыз. GASENERGY ЖҚК желісінің көп бөлігінде қуаты 80-160 КВТ электр автомобильдеріне арналған электр зарядтау станцияларын орнату жұмыстары басталды. Жақын арада трассалардағы жанарма й құю кешендерімізде ауыр жүк көліктеріне жанармай құю ыңғайлы болу үшін және атмосфераға зиянды шығындыларды азайту мақсатында AdBlue жанармай құю модульдерін енгізуді жоспарлап отырмыз.
GASENERGY-дің клиенттерге қызмет көрсету стратегиясы туралы айта өтсеңіз. Қазір нарықта бәсекелестік күшейген, бұл жағдайда клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуде қандай тәсілдерді қолданудасыздар?
–Мұндайда қолданатын тәсіл қарапайым: GASENERGY-де әр клиентке жеке көңіл бөлінуі тиіс деген қағидаға басымдық берілген. Біз тек жанармай құю бекетін құруды ғана емес, әр клиенттің өзін бағалайтынын сезіне алатын, оны құрметпен қарсы алатын орынды қалыптыстыруға аса мән береміз.
Біз кофе жасауға алатын дәндерінің сапасына дейін мұқият қадағалаймыз, ал қала ішінде орналасқан кей жанармай құю кешендерінде талғамы жоғары клиенттерімізге спешелти кофесінің арнайы түрлерін ұсынамыз.
Хот-дог, гамбургерге қолданылатын шұжық пен котлет сапасын аса қадағалаймыз. Осы бағытта жыл бойы отандық өндірушімен бірге сапа жағынан бірлесіп жұмыс жасап, шетелдік жеткізушіні алмастыру үшін рецептураны әбден сынақтан өткіздік. Бұл бағыттағы жұмысымыз сәтті болды деп мақтанышпен айта аламыз. Осылайша біздің ЖҚК-де қонақтарға отандық өндірушілер әзірлеген ерекше дәмді әрі экологиялық таза өнімдер ұсынылуда.
Иә, көптеген ЖҚК желілері шағын дүкендер немесе кафелер сияқты клиенттерге қосымша қызмет түрлерін көрсетеді. Айтыңызшы, GASENERGY-дің осы бағытты дамытуда алдағы жоспары қандай?
-Клиенттерге қызмет көрсетудің осы бағытын дамуытуды көздеп тырмыз. Сондықтан компания бұл бағытта өте белсенді жұмыс істеуде. Өнім сапасына сенімді болу үшін әрі клиенттеріміздің сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында нан-тоқаш өнімдерін шығаратын өз цехымызды аштық.
Нарықта қалыптасып жатқан заманауи тәсілдерді, жаңа трендтерді қолдану арқылы біз жанармай құю желісін жаңғыртып, жалпы тауар сатылымының көлемін айтарлықтай арттырдық.
Балаларға көмек көрсетуде қайырымдылық іске GASENERGY-дің белсенді ат салысатыны көпшілікке мәлім. Бұл бағытта атқарылып жатқан істеріңіз жайлы толығырақ айтып берсеңіз…
Әлеуметтік жауапкершілік компаниямыздың да, қызметкерлеріміздің де басты қағидаты. Бірнеше жылдан бері «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлесіп қайрымдылық бағытта іске асырып отырған жобаларымыз бар.
GASENERGY ЖҚК желісінде белгілі бір күндері сатылымнан түскен пайызды қайырымдылыққа жинайды. Клиенттеріміз де осы үрдіске белсенді қатысады – біздің барлық ЖҚК-де қаражат жинауға арналған жәшіктер орнатылған, балаларға көмек көрсету үшін түрлі акциялар мен іс-шаралар өткізіледі. Мысалға айтсам, жақында Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығына шала туған балалардың ретинопатиясын емдеуге арналған медициналық лазерлік аппаратты тапсырдық.
Бір сөзбен айтқанда, кез келген жағдайда қолдау көрсетіп, мейірімділік таныту біз үшін маңызды.