Барлық жаңалықтар

Мамыр 17, 2021

GASENERGY жүйесіндегі клиент күні.

Біздің компанияның кеңсе қызметкерлері өз мамандықтарын бір күнге ауыстырып, жанармай құю бекеттерінің қызметкерлері болды.

Күні бойы әріптестеріміз кассирлердің, менеджерлердің және АЖҚК операторларының рөлін сомдап, «алаңда» еңбек етті. Мұндай формат жаңа мамандыққа толығымен бейімделуге ғана емес, сонымен қатар жанармай құю кешендерінің барлық нюанстары мен ерекшеліктерін игеруге көмектесті.

Компания басшылығының айтуынша, бұл – барлық кеңсе қызметкерлері үшін жақсы тәжірибе ғана емес, сонымен қатар клиенттерге жеке қызмет көрсетудің жағымды мүмкіндігі. Себебі, көбіне бір орында отырып, келушілердің барлық мәселелері мен сауалдарының байыбына бару және жедел әрекет ету мүмкін емес. Ал, «алаңда» жұмыс істеу біздің күшті және әлсіз жақтарымызды тұтастай және барлық жағынан көруге көмектесті. Оның үстіне мұндай ерекше клиенттер күнінен кейін клиенттеріміздің күлкісін көру де керемет ләззат сыйлайды.