Барлық жаңалықтар

Қараша 20, 2023

GASENERGY ЖҚК ЖЕЛІСІНДЕГІ «ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

Құрметті клиенттер, біз сіздерді демалыс күндері жанармай құю кешенінде көргенімізге, сонымен қатар «Ұрықты қорғау орталығы» жобасына қолдау көрсеткендеріңіз үшін қуаныштымыз.

Тек GASENERGY желісінде:
• сенбі және жексенбі күндері жанармайдың әр литрінен 1 теңге «АЯЛА»қорына аударылады;
* аптаның кез келген күні сатып алынған әрбір хот-дог пен гамбургерден 10 теңге дамудың жатырішілік патологиясын диагностикалауға көмекке жөнелтіледі;
* әрбір 200 мл капучино мен латтеден 10 теңге арнайы жабдық сатып алынатын жалпы сомаға қосылады.

Жиналған барлық қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасына жолданады.

Қазіргі уақытта жиналған қаражаттың бір бөлігі Көкшетау қаласының перинаталдық орталығына ретиалды камера сатып алуға жұмсалды.

Жыл басынан бері біз сіздермен бірге мынадай қаражат жинай алдық:

«1 литр 1 теңге» акциясы – 20 000 000 теңге;
«Қамқорлық күшіне 10 теңге» акциясы – 15 366 662 теңге;
Бокс – 7 800 826 теңге.

«АЯЛА» қорының жүздеген жаңа туған нәрестелерді мүгедектіктен құтқаруына көрсеткен көмегіңіз үшін алғыс айтамыз!