Желтоқсан 2, 2024
GASENERGY-ге 10 жыл. Табысты дамудың құпиялары.
Биыл GASENERGY компаниясы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл он жылдағы табысты жұмыс, инновациялар және үлкен жетістіктердің қорытындысын шығаратын кезең.
Осы жылдар ішінде GASENERGY өз саласында сенімді серіктес ретінде танылып, клиенттер мен іскер серіктестердің сеніміне ие болды. Компания тұрақты дамып, заманауи технологияларды енгізіп, сапаның жоғары стандарттарын ұстанып келеді.
Мерейтой – бұл өткен жолға шолу жасап қана қоймай, сонымен бірге жаңа биік мақсаттар мен көкжиектерді белгілеу мүмкіндігі. GASENERGY алға қарай сенімді қадам жасап, дамуын жалғастырып, нарықтағы позициясын нығайтып келеді.
Компанияның мұндай жетістікке қалай қол жеткізгені және оның болашағы туралы GASENERGY-дің операциялық директоры Омар Мұстафин айтып береді.
1. 2024 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Сонымен қатар, GASENERGY ЖҚК желісі биыл өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Осы орайда Компания жұмысының нәтижелері туралы әңгіме өрбітсек. 2024 жылы кірістер мен жанармай сатылымы бойынша қандай нәтижелерге қол жеткізілді?
– 2024 жыл біз үшін маңызды жыл болды – біз Компанияның 10 жылдығын атап өтудеміз. Бұл жылы біз өз қызметімізге сұраныстың тұрақты түрде өскендігін байқадық. Клиенттеріміз біздің жанармай құю стансаларымызды күнделікті жиі таңдағандықтан, еліміздегі ең тиімді кешендердің бірі болып саналамыз. Бүгінгі таңда біздің әрбір жанармай құю стансасы күніне бір мыңға жуық көлік қабылдайды. Он жыл бұрын жасалған стратегиямызда көзделген барлық бағыттар бүгінде өзінің тиімді екенін көрсетіп отыр. Осы орайда біз әртүрлі акциялық бағдарламаларымыздың, жоғары сапалы жанармайдың, сондай-ақ заманға сай көрсетілетін қызмет түрлерінің тұтынушылардың қызығушылығын тудырып, сенімін арттырып отырғанына қуаныштымыз.
2. Мерейтойға орай Компания тарапынан түрлі акциялар марафоны ұйымдастырылды. Осындай жарнамалық науқандарының тиімділігін қалай бағалар едіңіз? Жалпы, акциялар өткізу Компанияның бет-бейнесіне және сатылымының артуына қалай әсер етеді?
– Мерейтойлық акцияларды клиенттеріміздің бізге он жыл бойы артқан сенімі мен көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіру тәсілі ретінде қолдандық. Бұл біз үшін өте маңызды еді. Өйткені мұндай бастамалар сатылымның артуына ықпал етіп қана қоймай, брендке деген адалдықты арттыратынын көріп отырмыз. Біз үшін тұтынушылардың стансаларымызға тұтынушы ретінде ғана келіп қоймай, сонымен қатар GASENERGY олардың күнделікті жайлы өмірінің ажырамас бөлігі екенін сезінгені маңызды.
3. Жоғарыда айтылғандардан бөлек, Компанияларңыз фидбекке, яғни кері байланысқа баса назар аударады. Клиенттердің кері байланысы бизнесті жетілдіруде қандай рөл атқарады?
– Клиенттердің кері байланысы Компанияның дамуы үшін өте маңызды рөл атқарады. Нені, қалай жақсартуға болатынын түсіну үшін біз әрбір пікір мен ұсынысты мұқият зерделейміз. Клиенттеріміздің ой-пікірлеріне сүйене отырып біз үнемі қызмет көрсету сапасын жақсартып отырамыз, көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейтеміз және жаңа ыңғайлы жағдайларды жасауға тырысамыз. Біз кез келген бастамаға бей-жай қарамай, мұқият назар аударып жүретін клиенттерімізді өте жоғары бағалаймыз, өйткені олардың ұсыныс-пікірлері біздің қызметіміздің жақсара түсуіне ықпал етеді.
4. Сонымен қатар сіздер жаңа AИ-95 TARLAN жанармайын саудаға шығардыңыздар. Оның өзге жанармайдан ерекшелігі неде? Және неліктен TARLAN деп аталады?
– Біз жанармайдың TARLAN95 және TARLAN92 деп аталатын екі түрін айналымға шығардық – бұлар қозғалтқыштың төзімділігі мен тиімділігін арттыратын арнайы қоспаларды пайдалана отырып әзірленген премиум сапалы жанармайлар. Мұнда қосылатын қоспалар Германияда жасалған және жоғары сапалы өнім болып табылады. Біз тұтынушыларымыздың заман ағымына сай талаптарын қанағаттандыратын жанармай жасауға тырыстық. Оған TARLAN деген атаудың таңдалуы да кездейсоқ емес – бұл сонау көне заманнан жеткен батырлар эпосында көрінетін тектілік пен төзімділік, күш пен қуат сынды қасиеттер сияқты біздің жанармайдың да сенімділігі мен сапасын көрсететін айшықты белгі іспетті.
5. Клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Қызмет көрсетудің сапасы біз еңбек ететін саладағы табыстың түпнегізі екенін түсінеміз. Сондықтан да біз биыл клиенттердіңн жанармай құю кешеніне келіп тұруын одан әрі ыңғайлы ету үшін бірқатар шараларды жүзеге асырдық. Атап айтқанда, қызмет көрсететін жұмыскерлерге арналған жаңа оқыту бағдарламаларын іске қостық, қосымша қызмет түрлерін ашу және инфрақұрылымды жаңарту бойынша жұмыстар атқарылды. Біз әрбір нәрсеге егжей-тегжейлі назар аудара отырып, клиенттердің өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінгендерін қалаймыз.
6. Қазіргі жағдайда стансалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруын қалайша қамтамасыз етуге болады?
– Біз мұнай өнімдері мен өзге де тауарлардың барлық стансаларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін логистикаға, жоспарлауға және жанармай қорының қалдығына үнемі бақылау жүргізіп отыруға ерекше назар аударамыз. Бұл бізге кез-келген өзгерістерге даяр болуға және жұмыстың тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Клиенттеріміз бізде әрқашан жанармай қолжетімділігі мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейі сақталатынына сенімді болуы үшін біз барлық ықтимал жағдайларды үнемі алдын-ала жоспарлап, қарастырып отырамыз.
7. GASENERGY ЖҚК желілері Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағытындағы жолдардың бойында, сондай-ақ ірі қалаларда орналастырылған. Желінің аумағын аталған аймақтардан басқа бағыттарға кеңейту жоспарда бар ма?
– Иә, біз шынымен де Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолына назар аудардық. Бұл жолдың бүткіл бойында дерлік әрбір 300-350 шақырым сайын біздің жанармай құю стансаларымыз орналасқан, бұл арқылы біз осы бағытты пайдаланатын барлық жолаушыларға сенімді серіктес болып отырмыз. Жаңа бағыттарға келетін болсақ, желінің аясын Алматы–Астана тас жолы сияқты негізгі бағыттарда кеңейтуді қолға алу жөнінен белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз.
8. Келесі жылы клиенттерді жаңа акциялар, жаңа жанармай құю кешендері, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша қандай жағымды жаңалықтар күтеді?
– Келесі жылға жоспарларымыз орасан. Өз өнімдеріміздің желісін тұрақты түрде жолға қоюды жалғастыра бермекпіз. Биыл біз нарыққа премиум жанармай брендтерін шығардық және стансаларымызды қуаттандыру үшін жаңартылатын энергия көздерінің бағытын белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Клиенттеріміздің арасында танымал болған аспаздық өндірісімізді дамыта беруді жалғастыратын боламыз. Сонымен қатар, әрине, электрлі қуаттау стансаларының желісін кеңейте түсеміз.
Бірақ біздің басты бағдарымыз клиенттік тәжірибені жақсарту бағытында болып қала бермек. Жолға шығуға асығып тұрған адамдар үшін біз қызмет көрсету уақытын барынша қысқартуды көздеп отырмыз. Ал көрсетілетін қызметтердің толық түріне тәнті болғысы келетін клиенттерге жанармай құю стансасына барудың өзі барынша жайлы демалысқа айналуы үшін біз одан да қолайлы жағдай жасауға тырысатын боламыз.